Accessibility links

Царнаев сотында тыңдау аяқталды


Бостон марафонындағы жарылысқа қатысты айыпталған Джохар Царнаев.

Бостон марафонындағы жарылысқа қатысты айыпталған Джохар Царнаев.

Бостон марафонындағы жарылысты ұйымдастырды деп айыпталған Джохар Царнаевтың ісі бойынша сотта 6 сәуірде тараптар соңғы сөзін айтты. 21 жастағы Царнаевқа төрт адамды - марафон аяқталар тұста жарылыс жасап, үш адамды және кейін бір полицейді өлтірді деп айып тағылған.

Қорғаушылары Царнаевтың қылмысқа қатысы барын мойындағанымен, оны жарылыстан кейін полициямен атыста оққа ұшқан ағасы Тамерлан Царнаевтың "ықпалында болған" деуден танбайды. Прокурорлар Джохар Царнаев жарылысқа белсенді қатысқан және АҚШ-та терактілер жасауды жоспарлаған дейді.

Бүгін алқа судьялары Царнаев кінәлі ме деген мәселеге нүкте қойып, егер оны айыпты деп тапса, рақымшылыққа ілігу құқығынсыз өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасын кесу жайын шешеді.

Царнаев Солтүстік Кавказда туып, біраз уақыт Қырғызстанда тұрған. Кейін АҚШ-қа көшіп барып, азаматтық алған.

XS
SM
MD
LG