Accessibility links

Сирияда содырлар кепілдегі 200 күрдті босатты


Идлиб провинциясындағы бақылау-өткізу бекеті, Сирия. (Көрнекі сурет).

Идлиб провинциясындағы бақылау-өткізу бекеті, Сирия. (Көрнекі сурет).

Сирияда исламшыл содырлар елдің солтүстік-батысында кепілге алған 200 күрдті босатты.

Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәлімдеуінше, бейбіт тұрғындарды 6 сәуірде "Әл-Қаиданың" Сириядағы бөлімі саналатын "Әл-Нусра майданы" қозғалысы босатқан.

Кобани қаласы билігінің өкілі Идрис Хассанның мәлімдеуінше, Африн қаласынна Халеб арқылы Дамаскіге бара жатқан ер адамдар 5 сәуірде ұсталған. Күрд демократиялық одағының өкілі Наваф Халилдің айтуынша, олар мінген автобустарды Идлиб провинциясының Дана елді мекеніне жақын бақылау-өткізу бекетінде тоқтатып, ұстаған.

Содырлар балалар мен әйелдерді босатып, ерлерді тұтындаған. Идлиб провинциясының бір бөлігі "Әл-Нусра майданы" қозғалысының бақылауында.

XS
SM
MD
LG