Accessibility links

АҚШ-та өзбек азаматы терроризмге қатысты айыпталды


АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметовтің (сол жақта) сот залынан салынған суреті. Нью-Йорк, Бруклин федералдық соты, 25 ақпан 2015 жыл.
АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметовтің (сол жақта) сот залынан салынған суреті. Нью-Йорк, Бруклин федералдық соты, 25 ақпан 2015 жыл.

Нью-Йоркта тұратын Өзбекстан азаматы Дильхайот Касимовке америкалықтарды Сирияға "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына жөнелту үшін қаржы жинады деген айып тағылды. 6 сәуірде Бруклиндегі федералдық сотта өткен бұған дейін "Ислам мемлекеті" ұйымына қатысты терроризм айыбы тағылған үш азаматтың ісі бойынша тыңдауда Касимовтың да аты аталды. Оған террористік ұйымды қаржыландыру үшін астыртын сөз байласты деген айып тағылды.

Қазақстан азаматы, 19 жастағы Ахрор Сайдахметов ақпан айының соңында, Нью-Йорк әуежайынан Стамбулға ұшқалы тұрғанда ұсталған. Тергеушілер Сайдахметов Түркия арқылы Сирияға өтіп, содырларға қосылуды жоспарлаған дейді. Ол «ИМ қатарына қосылып, АҚШ-та теракт жасамақ болған» деген күдікпен ұсталған. Сайдахметовпен бірге бұл іс бойынша Өзбекстан азаматтары Абдурасул Джурабоев пен Аброр Хабибов та ұсталып, қамауда отыр.

Прокурорлар Хильхайот Касимов Аброр Хабибовпен бірге Ахрор Сайдахметовтің Сирияға кетуі үшін 1600 АҚШ долларын жинасқан дейді. Сот материалдарында Касимовтың Сайдахметовке ақша бергенін және оның Сирияға кетпек болғанын білгенін айтылады.

13 наурызда Нью-Йоркте өткен сотта Сайдахметов өзіне тағылған айыпты мойындаудан бас тартқан. Джурабоев пен Хабибов та кінәлары жоғын мәлімдеген. Сот оларды кепілге босату туралы өтінішті қанағаттандырмаған.

XS
SM
MD
LG