Accessibility links

Алматы облысында "Дала қыраны-2015 жаттығуы өтіп жатыр


"Дала қыраны-2013" жаттығуына қатысып жатқан "Қазбриг" бітімгерлік бригадасының сарбазы. Алматы облысы, 22 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет).

"Дала қыраны-2013" жаттығуына қатысып жатқан "Қазбриг" бітімгерлік бригадасының сарбазы. Алматы облысы, 22 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет).

Алматы облысындағы "Іле" полигонында халықаралық "Дала қыраны-2015" жаттығуы басталды. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 6 сәуірде болған жаттығудың ашылу салтанатына АҚШ, Ұлыбритания әскерилері мен Қазақстан қарулы күштері "Қазбриг" бітімгерлік бригадасының өкілдері қатысқан.

Жаттығу мақсаты қазақстандық бітімгерлік күштерінің БҰҰ бітімгерлік операцияларына қатысуы кезінде "іс-тәжірибесі мен жұмыс істеу машығын жетілдіру" болып саналады.

Осымен он үшінші рет өткізіліп отырған тактикалық арнайы жаттығудың алғашқы кезеңі 6 сәуірден 17 сәуірге дейін өтеді. Жаттығудың екінші кезеңі маусым айына жоспарланған.

XS
SM
MD
LG