Accessibility links

Киев: Сепаратистер барлық тұтқынды қайтарған жоқ


Сепаратистердің Украина жағына әскери тұтқындарын қайтару сәті. Донецк, 6 сәуір 2015 жыл.

Сепаратистердің Украина жағына әскери тұтқындарын қайтару сәті. Донецк, 6 сәуір 2015 жыл.

Украина билігі ресейшіл сепаратистердің "тұтқындағы барлық украиналық сарбаздардың босатылғаны" туралы ақпаратын жоққа шығарды.

Өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" (ДХР) өкілдері Дебальцево мен Донецк әуежайын басып алу кезінде қолға түскен 16 украин сарбазын сәуірдің 6-сы күні Украина жағына тапсырған еді. Сарбаздардың қайтарылғанын Украина президенті Петр Порошенко мен Украина қорғаныс министрлігінің өкілі растаған. Сепаратистер тұтқындарды тапсырып тұрып "16 сарбаздың өздерінің қолында қалған соңғы әскери тұтқындар" екенін айтқан.

Украина қауіпсіздік қызметі бастығының кеңесшісі Маркиян Лубкивский Facebook парақшасында 16 сарбаздың ДХР территориясындағы соңғы тұтқын екені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ол "Киев әлі 400-ге тарта сарбаз қайтарылуы тиіс деп, күтіп отырғанын" жазды.

Лубкивский бұған қоса, ДХР өкілдерінің "Украина әскерилері 1 мың 379 сепаратисті ұстап отыр" деген ақпаратымен келіспейтінін білдірген. Ол Украина билігі тұтқындардың барлығын бірдей алмастыру шартын ұстанатынын айтты.

XS
SM
MD
LG