Accessibility links

Ақтауда Назарбаев кандидатурасын қолдау акциясы өтті


Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау акциясына келген "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса. Ақтау, 7 сәуір 2015 жыл.

Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау акциясына келген "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса. Ақтау, 7 сәуір 2015 жыл.

Бүгін Ақтауда, Каспий теңізі жағасында "Ақ жол" партиясының бастамасымен бірнеше саяси партия мен қоғамдық ұйымдар кезектен тыс президент сайлауына кандидат, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау акциясын өткізді.

Шараға "Нұр Отан", "Патриоттар" мен "Бірлік" партиясының, "Ауған соғысы ардагерлері" және басқа да бірқатар ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиында сөйлеген "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса өз партиясы президенттікке кандидат ұсынбағанын, бірақ "Нұр Отан" партиясы ұсынған Назарбаевтың кандидатурасын қолдау туралы аймақтарда шаралар өткізіп жатқанын айтты.

"Ақ жол" партиясы наурыз айында өткен съезінде Қазақстан президентін кезектен тыс сайлауға өз кандидатын ұсынбай, "Нұр Отан" партиясынан ұсынылған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтын мәлімдеген.

Мұның алдында партия төрағасы Азат Перуашев «Прагматиктер мен реалистер партиясы ретінде біз кейбір партиялардың өз кандидаттарын елбасы фигурасымен қатар қоюы Назарбаевтың қазіргі Қазақстандағы рөлі мен тұлғасын жөнсіз төмендетеді деп санаймыз» деген еді.

XS
SM
MD
LG