Accessibility links

Ирак: Адамдар жаппай көмілген жер қазыла бастады


Тикрит қаласының «Ислам мемлекеті» тобынан азат етілгеннен кейінгі қалпы. Ирак, 1 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Тикрит қаласының «Ислам мемлекеті» тобынан азат етілгеннен кейінгі қалпы. Ирак, 1 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Иракта сот-медицина сарапшылары Тикрит қаласы маңындағы адамдар жаппай көмілген 12 жерді қазуға кірісті. Ол маңда «Ислам мемлекеті» діни ультра-радикалдық тобы былтыр өлтірген 1700 шиит сарбазының сүйегі жатыр деген болжам бар.

Мамандардың сөзінше, «Ислам мемлекеті» содырлары 2014 жылы Шпайхер әскери лагерінде өлтірген мыңдаған адамның сүйегін осы маңға көме салған.

​Мамандар бірінші қазған маңнан әлден 20 шақты адамның мәйітін тапты. «Бәрінің зорлықтан көз жұмғаны көрініп тұрған марқұмдардың кім екенін ДНК сараптамасы арқылы анықтаймыз» дейді олар.

Былтыр бұл маңға иелік еткен «Ислам мемлекеті» тобы әскери тұтқындарды жаппай өлтіргендерін сурет пен видеоға түсіріп, оны интернетте жиі-жиі жариялаған еді.

XS
SM
MD
LG