Accessibility links

Ресей АҚШ-тан Қазақстанға келетін тауық етін өткізбеді


Тоңазытылған тауық еті. (Көрнекі сурет).

Тоңазытылған тауық еті. (Көрнекі сурет).

"Россельхознадзор" мекемесі АҚШ-тан Ресей арқылы Қазақстанға тасымалданатын тоңазытылған тауық еті партиясына тыйым салды. Мекеме сайтында хабарланғандай, тауық еті тасымалын тоқтатуға "Кеден Одағының ветеринарлық-санитарлық талаптарының өрескел бұзылуы" себеп болған.

Мәлімдемеде Псков облысында тексеру кезінде ветеринарлық сертификаттардың алдын-ала берілгені анықталған. Құжат 2014 жылдың 8 желтоқсанында берілгенімен, тауар кейін - 2015 жылдың қаңтар айында жеткізілген. Нәтижесінде бес контейнердегі 175 тонна тауық еті тиелген бөлігі Латвияға қайта жөнелтілген.

XS
SM
MD
LG