Accessibility links

Түркия Twitter, Facebook және Youtube-ті бұғаудан босатты


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Түркия билігі Facebook, Twitter және Youtube желілерін олардың әкімшілігі сот талабын орындап, "қорлайтын мазмұндағы" материалдарды өшірген соң бұғаудан алып тастады.

6 сәуірде Түркия соты әсіре солшыл топ мүшесінің кепілге алған түрік прокуроры Мехмет Селим Киразға тапанша тақап тұрған суретін жариялаған 160-тан астам интернет ресурсын бұғаулауға шешім шығарған.

Өткен аптада әсіре солшыл "Революциялық халықтық азат ету майданы партиясы" қозғалысының мүшелері Стамбулдағы құқық сарайында прокурорды кепілге алып, оны босату үшін арнайы операция жүргізілген. Басынан оқ тиген прокурор ауруханада көз жұмған. "Революциялық халықтық азат ету майданыпартиясы" қозғалысын Түркия мен батыс елдері террористік ұйым деп санайды.

Түркия бұған қоса суретке берілген сілтемелерді жоймаса Google- іздеу жүйесін де бұғаттайтынын ескерткен.

Түркия 2014 жылдың наурызында жергілікті органдарға сайлау кезінде интернетке сол кезде премьер-министр болған қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған үкіметіндегі кейбір шенеуніктердің коррупциялық әрекеттерін әшкереледі делінген аудиожазбалар жарияланып кеткен соң Twitter мен Youtube-ті уақытша бұғаулаған. Түркия билігінің бұл әрекеті қоғамда наразылық тудырып, халықаралық қауымдастықтың сынына ұшыраған.

XS
SM
MD
LG