Accessibility links

Ресейде атом сүңгуір кемесіндегі өрт сөндірілді


Ресейдің Северодвинск портындағы "Звездочка" кеме жөндеу кәсіпорнында шыққан өрт түтіні. 7 сәуір 2015 жыл.

Ресейдің Северодвинск портындағы "Звездочка" кеме жөндеу кәсіпорнында шыққан өрт түтіні. 7 сәуір 2015 жыл.

Ресейлік өрт сөндірушілер "Звездочка" кеме жөндеу кәсіпорнында "Орел" атом сүңгуір кемесі бортынан шыққан өртті кеменің бір бөлігін суға батыру арқылы сөндірді. Кәсіпорынның баспасөз қызметі жетекшісі Евгений Гладышевтің хабарлауынша, 7 сәуірде кеменің ішкі және сыртқы корпусы арасындағы жылытқыш резеңке өртенген.

"Звездочка" кәсіпорны Ресейдің Ақ теңіздегі Северодвинск портында орналасқан. Алғашқыда өртті сөндіру әрекеті сәтсіз болған соң, билік Северная Двина өзенінен кеме тұрған жөндеу орнына, сосын кеменің өзіне су жіберуге мәжбүр болған.

Билік орындары кеме бортында қару болмағанын, ал ядролық реактор бірнеше ай бұрын ажыратылғанын айтады.

XS
SM
MD
LG