Accessibility links

Министрлік: Қызылша екпесі талапқа сай


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда қызылшаға қарсы жасөспірімдерге салынып жатқан вакцинаның физика-химиялық және биологиялық көрсеткіштері нормативтік талаптарға сай келеді деп хабарлады бүгін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік ақпаратына қарағанда, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы өнімдер мен медициналық техникаға сараптама жасайтын ұлттық орталық Үндістанның "Serum Institute of India" компаниясы шығарған "Vero" вакцинасын 16 көрсеткіш бойынша сараптамадан өткізген. Сараптама қорытындысы нормативті құжат талаптарына сай шыққан.

Вакцинаны "идентификация" және "өзіндік ерекшелік" көрсеткіштері бойынша тексеру үшін үндістандық компаниядан "Vero" клеткасысының реагенті алынған. Бұл сараптама қорытындысы 20 сәуірде дайын болмақ.

Министрлік дерегінше, Қазақстанда ақпан айының ортасында басталған қызылшаға қарсы екпе салудан кейін Маңғыстау, Қарағанды, Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 396 жасөспірім өздерін жайсыз сезініп дәрігерлерге жүгінген. Олардың 264-і ауруханаға жатып шыққан.

Екпе алған оқушылар денсаулығына жаппай шағым айтып, дәрігер көмегіне жүгінген соң қызылшаға қарсы екпе салу мамырдың 4-іне дейін тоқтатылған. Оған дейін вакцина сапасына жүргізілген сараптама қорытындысы шығуы тиіс.

XS
SM
MD
LG