Accessibility links

Transparency International-ды Ресей "шетел агенті" деп таныды


Transparency International ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).

Transparency International ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).

Ресей әділет министрлігі Transparency International (TI) халықаралық антикоррупциялық ұйымын "шетел агенті" міндетін атқаратын коммерциялық емес ұйымдар реестріне қосты. Министрліктің дерегінше, ұйымды "шетел агенті" деп тану шешімі прокуратура тексеруінен кейін қабылданған.

Transparency International-дың Ресейдегі бөлімінің директоры Антон Поминов ұйым әділет министрлігінің шешіміне шағымданғанын мәлімдеді. Шағымды 9 сәуірде Мәскеудің Таганск аудандық соты қарамақ.

Ұйымның басқарма төрағасы Елена Панфилова TI саяси қызметпен айналысады деп санауға болмайтынын, себебі ұйым мемлекеттік саясатты өзгертуге емес, оны жүзеге асыруға жұмыс істейтінін айтады. Ол Facebook-те "Біздің саясатымыз мемлекеттікімен үндес - коррупциямен күресу ғой" деп жазды.

TI Өткен жылдың желтоқсанында жариялаған коррупция жайлы есебінде Ресей мүмкін боларлық 100 баллдан 27 бал жинап, әлемде коррупцияны қабылдау деңгейі жөнінен 136 орында тұрған. Нигерия, Ливан, Қырғызстан, Иран мен Камерун да осындай көрсеткішке ие.

Есеп жарияланғаннан бірнеше күннен кейін Ресей президенті әкімшілігінің басшысы Сергей Иванов мәлімдеме жасап, рейтингті түзуде ұйым "әлдебір сарапшыларға" жүгінген деп мәлімдеген.

Ресей әділет министрлігі осымен 52-ұйымды "шетел агенті" деп танылған ұйымдар реестріне қосып отыр.

XS
SM
MD
LG