Accessibility links

Қытай: Иран мен БАӘ AIIB құрылтайшысы болды


Азия инфрақұрылымды инвестициялау банкін құрушы елдер өкілдерінің Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесуі. Пекин, 24 қазан 2014 жыл.

Азия инфрақұрылымды инвестициялау банкін құрушы елдер өкілдерінің Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесуі. Пекин, 24 қазан 2014 жыл.

Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, Азия инфрақұрылымды инвестициялау банкін (AIIB) құрушы елдер құрамына Иран да қабылданған. Қытайдың Xinhua агенттігі 7 сәуірде арасында Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Үндістан, Швейцария мен Италия бар банкті құрушы 26 мемлекет Иран мен Біріккен Араб Әмірліктерін (БАӘ) құрылтайшылар қатарына енгізуді мақұлдаған.

Жаңа құрылған AIIB Дүниежүзілік банк пен Азия инвестициялық банктеріне бәсекелес банк ретінде қарастырылып отыр. Бұл банктерде АҚШ пен Жапонияның үстемдігі басым. Дүниежүзілік банк басшысы Джим Ен бірер күн бұрын AIIB-ның дамып жатқан әлемдегі "жаңа ірі ойыншы" ретінде құрылуын қолдайтынын мәлімдеген.

АҚШ Азия инфрақұрылымды инвестициялау банкі құрылтайшыларының қатарына кірмейді. Жаңа банк құрылтайшылары құрамына Қырғызстан, Әзербайжан және Грузияны кіргізу мәселесі әлі шешілмеген. Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстан банк құрылтайшылары қатарында.

XS
SM
MD
LG