Accessibility links

Испанияда күдікті он "содыр" ұсталды


Каталония полициясы күдікті "содырларды" тұтқындап әкетіп барады. Испания, 8 сәуір 2015 жыл.
Каталония полициясы күдікті "содырларды" тұтқындап әкетіп барады. Испания, 8 сәуір 2015 жыл.

Испания полициясы терроризм және "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларымен байланысы бар деген күдікпен он адамды тұтқындады.

Каталония полициясының мәлімдеуінше, күдіктілер Испанияның солтүстік-шығысындағы бес қалада, оның ішінде Барселонада тұтқындалған. Күдікті содырларды ұстауға қатысты ауқымды операцияға 360 полицей қатысқан.

Reuters агенттігінің Каталония полициясына сілтеме жасап хабарлауынша, ұсталғандарға террористік ұйымдар қызметіне қатысты деген сияқты айыптар тағылған. Бірақ Каталония полициясында ұсталғандар саны тоғыз деп хабарлаған.

Испания мұсылман жастардың радикализациялануын және олардың Сирия мен Ирактағы содырларға қосылуын тоқтатуға, елде терактілер жасауын болдырмауға тырысып жатыр. Биылдың өзінде Испанияда террористік іс-әрекеттерге қатысты күдікпен 30-ға тарта адам тұтқындалған.

XS
SM
MD
LG