Accessibility links

Арменияда "шеруге үндеді" деген белсенді ұсталды


"Сайланбалы парламент" оппозициялық тобының жетекшісі Гарегин Чугасян.

"Сайланбалы парламент" оппозициялық тобының жетекшісі Гарегин Чугасян.

Арменияда үкіметке қарсы шерулер өткізуге шақырған оппозициялық "Сайланбалы парламент" тобы жетекшісі мен бірнеше мүшесін полиция тұтқындап әкеткенін хабарлады.

Топ белсенділерінің Ереванда журналистерге хабарлауынша, топ жетекшісі Гарегин Чугасян мен өзге төрт мүшесі полиция ұйым кеңсесін тінтігеннен кейін тұтқындалған.

"Сайланбалы парламент" тобы 24 сәуірде Арменияда Осман империясы кезіндегі армяндарға қарсы геноцидке 10 жыл толуына орай жаппай наразылық шараларын өткізу жоспарын жариялаған.

Армения тергеу комитетінің мәлімдеуінше, топтың төрт мүшесі сәуірдің 24-інде "жаппай тәртіпсіздік" ұйымдастыруды астыртын жоспарлады деген күдікпен ұсталған. Бірақ комитет Чугасяннің ұсталғанын растамады.

Тергеу комитеті бұған қоса 7 сәуірде топтың Гюмри қалалық бөлімінің жетекшісі үйін тінту кезінде "граната табылғанын" айтады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Осман империясы түріктерінің бір жарым миллион армянды қырып, депортациялағанын тарихшылардың көпшілігі мен кейбір елдер "геноцид" деп бағалайды. Бірақ Түркия мұны жоққа шығарып, армяндар Осман империясының христиандық азшылықты құрайтын халықтарды құрту саясатынан емес, азаматық соғыс салдарынан қырылғанын және құрбан болғандар саны 1,5 миллион адамнан әлдеқайда аз екенін айтады.

XS
SM
MD
LG