Accessibility links

Украинада 64 сарбазды демобилизациялады


Қақтығыс аймағындағы украин әскер. Краматорск, 24 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Қақтығыс аймағындағы украин әскер. Краматорск, 24 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Украинада ресейшіл сепаратистермен соғысқан батальонның 64 сарбазы әскерден босатылды. Оларды сәрсенбі күні Харьков қаласының Бостандық алаңында салтанатпен күтіп алды.

Облыстық билік антиреррорлық операцияға қатысып, ресейшіл сепаратистермен қақтығысып келген 64 сарбазды сауықтыруға 2 миллион гривень қаржы бөлінетінін мәлімдеді.

64 адамын үйлеріне қайтарған 22-батальон былтыр құрылып, антитеррорлық операция аясында Луганск облысына жөнелтілген еді. Ондағы 270 адамның арасында бұрын әскерге барғандар да, бармағандар да болған. Операция кезінде бұл жасақтың бірнеше сарбазы қаза тапқан.

Минскіде ақпанда төрт елдің – Украина мен Ресей және Франция, Германияның өкілдері Украинаның шығысындағы қақтығысты тоқтату жайлы келісім жасасқан еді. Бірақ ол маңда әлі тыныштық орнай қойған жоқ.

XS
SM
MD
LG