Accessibility links

Ауғанстанда адам құқығы жайлы жиын өтті


Ауғанстан астанасы Кабулде елдің адам құқығы жөніндегі комиссиясы мен Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы біріккен жиын өткізді. Жиынға ауған үкіметі жетекшісі Абдулла Абдулла бастаған лауазымды шенеуніктер де қатысты.

Бұл жиында елдегі адам еркіндігі ахуалы соңғы 13 жыл бойы оңалмай тұрғаны айтылды. Билік өкілдері адам құқығы ахуалын оңалту жолында үкімет маңызды шаралар қабылдауы керек деген пікірді қолдады.

Amnesty International осы аптадағы есебінде Ауғанстандағы әйел құқығын қорғаушыларға ел билігі мен талибтер жиі қоқан-лоқы көрсететінін мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG