Accessibility links

Сот Царнаевты барлық бап бойынша айыпты деп тапты


Бостон марафонындағы жарылысқа айыпты деп танылған Джохар Царнаев.

Бостон марафонындағы жарылысқа айыпты деп танылған Джохар Царнаев.

АҚШ-тың Массачусетс штатында өтіп жатқан сотта алқа судьялары Джохар Царнаевты 2013 жылдың сәуірінде Бостондағы марафон аяқталар тұста кісі өліміне әкеп соқтырған жарылысты ұйымдастырды деп таныды. Алқа сотының 12 судьясы бір жарым күн бойы кеңесіп, Царнаевты үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланған жарылысқа кінәлі деп тапты.

Джохар Царнаев жарылыспен байланысты барлығы 30 бап бойынша, оның ішінде полицейді өлтіру, көлік ұрлау және басқа да баптар бойынша айыпты деп танылып отыр. Енді алқа судьялары Царнаевқа жаза тағайындау - я өлім жазасына кесу, я рақымшылыққа ілігу құқығынсыз өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесуді талқыламақ. Соттың үкім шығаратын келесі кезеңі 13 сәуірге қалдырылды.

Қорғаушылары Джохар Царнаевтың айыпты екенін сот бастала салғанда-ақ мойындағанымен, оны жарылыстан бірнеше күннен соң полициямен атыста оққа ұшқан ағасы Тамерлан Царнаевтың "ықпалында болды" деуден танбаған.

XS
SM
MD
LG