Accessibility links

Нью-Йорк биржасында мұнай бағасы күрт арзандады


Техас штатындағы мұнай бұрғылау қондырғысы, АҚШ. (Көрнекі сурет).
Техас штатындағы мұнай бұрғылау қондырғысы, АҚШ. (Көрнекі сурет).

8 сәуірде Нью-Йорк тауар биржасында мұнай бағасы "АҚШ-тағы мұнай қоры 1930 жылдан бері бірінші рет ең жоғарғы деңгейге жетті" деген ақпарат пайда болған соң бірден алты жарым пайызға арзандады. West Texas Intermediate маркалы мұнай бағасы 6,5 пайызға, яғни 50 АҚШ доллары 42 центке арзандады. Жыл басынан бері мұнай бағасы осымен бес жарым пайызға арзандап отыр.

Сарапшылар мұнай бағасының арзандауын ең алдымен сұраныстан ұсыныстың көптігінен көреді. АҚШ-та мұнай өндіру көлемі соңғы он жылда болмаған деңгейге жеткен. Халықаралық энергетикалық агенттік болжамы бойынша, мұнай өндіру деңгейі маусым айының басында мұнай өндірілетін табысы аз тақтатас кеніштерінің эксплуатациядан шығарылуы нәтижесінде төмендеуі мүмкін. Бірақ сұраныс пен ұсыныс арасындағы алшақтық сақталып қалуы да ықтимал. АҚШ доллары нығая берген жағдайда да мұнай бағасы арзандауы мүмкін.

XS
SM
MD
LG