Accessibility links

Иран ядролық қарусыздану келісімін орындауға үндеді


Иран әлемдегі ядролық қаруға ие бес державаны ядролық оқтұмсықтарын жоя алмай отыр деп айыптап, оларды Ғаламдық ядролық қарусыздану келісімін орындауға шақырды.

Иранның БҰҰ-дағы елшісінің орынбасары Гулам Хоссейн Дехгани БҰҰ-ның қарусыздану мәселелері жөнінде 8 сәуірде өткен жиынында АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания мен Франция қарусыздануға уәде бергенімен, оны орындамай отыр деп мәлімдеді.

Ол "кешенді, мызғымас, сенімді әрі орындалуы тиіс" келісім ядролық қаруды жоюдың ең жақсы жолы екенін айтты.

Дегхани сондықтан әлемдік державалармен ядролық қаруларынан арылу уақытын белгілеу үшін келіссөз жүргізу қажет дейді.

Сәуірдің 2-сінде Тегеран мен аталған бес ел және Германия Иранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне бұл елге салынған экономикалық санкцияларды жоятын алдын-ала келісім жасасқан. Бұл алдын-ала келісім шарттары бойынша маусымның 30-ына дейін ақтық келісім жасалуы тиіс.

XS
SM
MD
LG