Accessibility links

Путин: Газды Украинаға ықпалға пайдаланбаймыз


Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 8 сәуір 2015 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 8 сәуір 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин "Газпром" мемлекеттік компаниясының басшысы Алексей Миллермен кездесуінде "Ресей газ бағасын Украинаға ықпал ету үшін пайдаланбайды" деп мәлімдеді. Ол Украинаға сататын газ бағасы аймақтағы бағамен бірдей болуы тиіс екенін ескертті.

Ресей өткен жылы Украинаға мың текше метр газды әлемдік бағадан 100 АҚШ долларына қымбатқа сатқаны үшін сынға ұшыраған. Путин бұған қоса Миллерге "Ресейдің барлық серіктеріне, оның ішінде Шығыс Украинаға да газды үздіксіз тасымалдау қажетін" айтқан. Шығыс Украинада ресейшіл сепаратистер Донецк мен Луганск облыстарының біраз бөлігін өткен жылы басып алып, бақылауда ұстап тұр.

Алексей Миллер "Газпромның" Украинамен жасасқан келісімінде газ тасымалдау үшін алдын-ала төлем жасау шарты жойылғанын айтты. Ол Украинаға тасымалданатын газдың жеңілдетілген бағасы мың текше метрі үшін 247 АҚШ долларын құрайтынын жеткізді.

XS
SM
MD
LG