Accessibility links

Парламент ойын бизнесі заңына өзгерістерді мақұлдады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Парламент сенатының депутаттары бүгін екінші оқылымда ойын бизнесі туралы заңнамалық актілерге түзетулер енгізу туралы заң жобасын мақұлдады.

Өзгерістер жобасында интернет ойынханаларының, оның ішінде Қазақстан территориясындағы шетелдік интернет ойынханаларының қызметіне тыйым салу, ойын бизнесіне лицензия беру талаптарын қатаңдату жайы қарастырылған.

Бұдан өзге, заң жобасында көп пәтерлі тұрғын үйлерде ойынханалардың, тотализатор кассалары мен букмекерлік кеңселердің орналасуына тыйым салу көзделген. Өзгерістер бойынша, мұндай ойын мекемелері тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар мен жеке тұрған ғимаратта орналасады. Бұған қоса ойын бизнесімен айналысатындардан алынатын ай сайынғы салық та өседі.

Заң жобасы Қазақстан президентінің қол қоюына жіберілген.

XS
SM
MD
LG