Accessibility links

ИМ хакерлері TVMonde телеарнасына шабуылдады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Францияның TV5Monde телеарнасы өздерін "Ислам мемлекеті" ұйымынанбыз деген хакерлер телеарна мен оның сайтына және әлеуметтік желілердегі парақшаларына бақылау орнатқанын хабарлады.

TVMonde бас директоры Ив Биготтың мәлімдеуінше, телеарна қазір хабар таратуын тоқтатқан және телеарна сайты мен Facebook-тегі парақшасында "Ислам мемлекеті" ұйымының үндеуі ілінген.

Ив Бигот хакерлер бұған қоса телеарнаның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан алынды "Ислам мемлекетін" қарсы операцияларға қатысқан француз сарбаздары туыстарының жеке бас құжаттарын жариялаған.

Бигот телеарна хакерлік шабуылдан екі сағаттан соң Facebook-тегі парақшасын қайта жүргізе бастағанымен, әлі хабар тарата алмай отырғанын айтады.

Өздерін "КиберХалифат"деп атаған хакерлер "Ислам мемлекеті" "жауларына" қарсы "киберсоғыс жүргізіп жатқанын мәлімдеген.

Хакерлер ілген хабарларының бірінде Франция президенті Франсуа Олландты АҚШ бастаған коалицияға қосылып, "Ислам мемлекетінің" Сирия мен Ирактағы территорияларын бомбалау арқылы "кешірілмес қателік" жасады деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG