Accessibility links

Өзбекстанмен шекара бекеттері туралы өзгеріс бекітілді


Өзбекстан - Қазақстан шекарасындағы Ақ жол - Қапланбек кеден бекеті. (Көрнекі сурет).
Өзбекстан - Қазақстан шекарасындағы Ақ жол - Қапланбек кеден бекеті. (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты депутаттары Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу бекеттері туралы келісімге түзету енгізуді бүгін мақұлдады.

Бұған дейін заң жобасын мәжілісте таныстырған инвестиция және даму министрі Әсет Исекешов негізгі өзгеріс - өткізу бекеттерінің тізіміне Мақтаарал бекеті қосылғанын айтқан. Мақтаарал бекеті арқылы қазақстандық жүктерді Сырдария су қоймасы аумағынан өзбекстандық транзиттік теміржол бөлімі арқылы сыртқа шығаруға болады деген ол.

Бұған дейін Өзбекстан жағы Мақтаарал бекеті бекітілген тізімде жоқ болғандықтан Қазақстан пойыздарын бұл бағытта жібермей жүрген.

Заңға түзету бұған қоса Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасындағы көлік өткізу бекеттерінің санын оннан алтыға дейін қысқартуды қарастырады.

XS
SM
MD
LG