Accessibility links

Италияда соттағы атыстан бір адам қаза тапты


Полиция мен құтқарушылар атыста жараланған адамды әкетіп барады. Италия, Милан, 9 сәуір 2015 жыл.
Полиция мен құтқарушылар атыста жараланған адамды әкетіп барады. Италия, Милан, 9 сәуір 2015 жыл.

Италияның Милан қаласында бүгін сот процесі кезінде атыс болып, бір адам қаза тапқан.

Италиялық Corriere della Sera басылымының хабарлауынша, сот процесінде оған қатысушы ер адам тапаншадан оқ атып, салдарынан екі адам жараланған. Жараланғандардың бірі - адвокат.

Милан сотының төрағасы Джованни Канзио күдіктінің қашып кеткенін айтады.

Полицияның ақпараты бойынша, оқ атқан адам банкроттыққа қатысты істе айыпталушы болған.

XS
SM
MD
LG