Accessibility links

Әзербайжан белсендісі 20 тәулікке қамалды


Әзербайжан халық майданы партиясының белсендісі Руслан Насирли.

Әзербайжан халық майданы партиясының белсендісі Руслан Насирли.

Баку соты бүгін Әзербайжан халық майданы партиясының белсендісі Руслан Насирлиді сәуірдің 5-і күні наразылық танытқаны үшін 20 тәулікке қамау туралы қаулы қабылдаған. Бұған дейін, сәуірдің 6-сы күні сот Насирлимен бірге наразылық шарасында қатысқан Садиф Курбановты 25 тәулікке, Туркел Әлисойды – 30 тәулікке қамаған болатын.

Әлисой «бұзақылық жасағаны» үшін, ал Насирли мен Курбанов – «полицияға қарсылық көрсеткені» үшін қамауға алынған. Әзербайжан белсенділерінің мәлімдеуінше, құқыққорғаушы ұйымдар билікті елдегі құқыққорғаушыларды, саяси және азаматтық белсенділерді, журналистер мен блогерлерді қудалағаны үшін айыптаған.

Бакуде бүгін құқыққорғаушы Расул Жафаровтың үстінен қозғалған іс бойынша сот жалғасты. Жафаров өзіне тағылған «салықтан жалтарған», «қызмет өкілетін асыра пайдаланған», «заңсыз коммерциялық қызметпен айналысқан» және «қаржы жымқырған» деген айыптардың «саяси астары барын» айтып, оларды мойындаудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG