Accessibility links

Украина Радасы коммунизм мен нацизм насихатына тыйым салды


Украина Жоғарғы Радасы.

Украина Жоғарғы Радасы.

Украина Жоғарғы Радасы бүгінгі отырысында коммунистік және нацистік режимдерді айыптап, оларды насихаттауға және символикаларына тыйым салу туралы үкімет ұсынған заң жобасын қабылдады.

Украина парламентіндегі 450 депутаттың 254-і заң жобасын қолдап дауыс берді. Құжатты әзірлеген 13 депутаттың арасында Юрий Луценко, Олег Ляшко және Юрий Богдан-Шухевичтер бар. Луценконың айтуынша, заң жобасында тоталитарлық режим қандай шекпен жамылса да – коммунистік, фашистік я болмаса тағы басқа – оның қызметіне тыйым салынатыны атап жазылған.

Сонымен бірге бүгін Жоғарғы Рада 20-ғасырда Украинаның азаттығы үшін күрескендердің құқықтық мәртебесі және оларға құрмет таныту туралы заң жобасын мақұлдаған. Ондай күрескерлер қатарындағы көптеген әскери, саяси және басқа ұйымдардың арасында «Украина көтерілісшілер армиясы» да бар.

Құжатта Украина тәуелсіздігі жолында күрескендердің отбасыларына мемлекет әлеуметтік кепілдіктер, жеңілдіктер немесе басқадай төлемдер тағайындай алатыны айтылған.

XS
SM
MD
LG