Accessibility links

Бүгін Ислам Каримовты ұлықтау рәсімі өтеді


Өзбекстан президенті Ислам Каримов.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов.

Өзбекстанда бүгін төртінші мерзімге президент болып сайланған Ислам Каримовты ұлықтау рәсімі өтеді.

29 наурызда өткен сайлауда Каримов ресми мәліметтер бойынша берілген дауыстардың 90 пайызынан астамын жинап, төртінші мерзімге президент болып сайланған.

Өзбекстан конституциясы бойынша, ел азаматтары екі реттен көп мерзімге президент болып сайлана алмайды. Бірақ орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеу кезінде бұл мәселені айналып өткен.

Шет мемлекет басшыларының ұлықтау рәсіміне баратыны, я бармайтыны әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG