Accessibility links

ИМ жақтастары Түркіменстан елшілігі сайтын бұзды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымымен байланысы бар хакерлер Түркіменстанның Беларусьтегі елшілігі сайтын бұзды. Елшілік сайтының негізгі бетінде бетперде киген, бас киімінде "Алладан басқа құдай жоқ" деген жазуы бар, АК-47 автомат қаруын ұстаған белгісіз ер адамның суреті пайда болған.

Суреттің үстінде ағылшын тілінде "Сайтты Абдулла Эльмагриби бұзды" деген жазу, орыс тілінде "Сайт қызмет етіп тұр" деген мәтін қойылған. Суреттің астыңғы жағында ИМ ұйымына сілтейтін жазулар бар.

Түркіменстан билігі сайттың бұзылуына қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

XS
SM
MD
LG