Accessibility links

Қырғызстанда оппозиция өкілдерін ұрлап әкетті


Қырғызстанның Ош қаласында Ұлттық оппозициялық қозғалысы (ҰОҚ) мүшелеріне шабуыл жасалды.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, сәуірдің 9-ы күні кешке белгісіз он ер адам саясаткерлер отырған үйге басып кіріп, ҰОҚ саяси кеңесі мүшелері Кубанычбек Кадыров, Бектур Асанов және Улукбек Маматаевты және Асановтың оққағарын күштеп ұстап белгісіз жаққа әкеткен.

Оқиға Ош қалалық милициясы ғимаратына жақын маңда болған.

ҰОҚ мүшелері 11 сәуірде Жалал-Абадта өтеді деп жоспарланған құрылтайға дайындалып жатқан. Кеше қала билігі тұрғындарға оппозиция бастамаларын қолдамауға шақырған.

Әзірге оқиғаға қатысты басқа мәлімет жоқ.

Қырғызстан ұлттық оппозициялық қозғалысы бір жыл бұрын құрылған. Биыл күзде бұл елде парламент сайлауы өтуі тиіс.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG