Accessibility links

Ресей Солтүстік Кореядан жұмысшы жалдауы мүмкін


Солтүстік Кореялық жұмысшылар. (Көрнекі сурет).

Солтүстік Кореялық жұмысшылар. (Көрнекі сурет).

Ресей білім және ғылым министрінің орынбасары Вениамин Кагановтың сөзінше, Солтүстік Коеряда Ресейге барғысы келетін мигранттарға арналған тест орталықтары ашылуы мүмкін.

Ресей азаматтығы жоқ адамдар бұл елде жұмыс істеуге рұқсат алуы үшін орыс тілі, тарих пен құқық негіздерінен емтихан тапсыруы тиіс.

Кагановтың айтуына қарағанда, федералдық миграция қызметі Солтүстік Корея азаматтарынан тест алып, Ресей территориясында жұмыс істеуге мүмкіндік беру мәселесін бұған дейін көтерген.

Солтүстік Кореялықтар негізінен Ресейдің Қиыр Шығысында ағаш кесуші болып жұмыс істейді. Бірақ солтүстік кореялықтардың жұмыс істейтін жерлерінде арнайы лагерлер аумағынан шығуға құқығы жоқ. Бұл лагерлер қауіпсіздігін Солтүстік Корея билігі қамтамасыз етеді.

XS
SM
MD
LG