Accessibility links

Ошта ұрланған оппозиционерлер Жалал-Абадтан шықты


Қырғызстанда ұрланған Ұлттық оппозициялық қозғалысы жетекшілері Кубанычбек Кадыров, Бектур Асанов пен Улукбек Маматаев Жалал-Абадтан табылды.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, Кубанычбек Кадыров ұрлап әкеткендер өздеріне "өмір сүргілері келсе қаладан кетіп қалуды" айтып, қоқан-лоқы жасаған.

"Өмірімізді сақтап қалу үшін үшеуміз түнделетіп таксимен Жалал-Абадқа келдік" деген Кадыров.

9 сәуір күні кешке Ош қаласында оппозиция жетешілері отырған үйге белгісіз адамдар басып кіріп, Кубанычбек Кадыров, Бектур Асанов пен Улукбек Маматаевты және Асановтың оққағарын ұрлап әкеткен еді. Олар отырған үй Ош қалалық милициясы ғимаратына жақын орналасқан. Оппозиция жетекшілері Жалал-Абадта сәуірдің 11-інде өткізуді жоспарлап отырған құрылтайға дайындалып жатқан.

Ұлттық оппозициялық қозғалыс бүгін бұл оқиғаға байланысты аранйы мәлімдеме жасамақ. Ош милициясы да оқиғаға қатысты бүгін түсінік беруі мүмкін.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG