Accessibility links

ЕО Грекияның Ресеймен байланысына түсінік берді


Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп тұр. Мәскеу, 8 сәуір 2015 жыл.
Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп тұр. Мәскеу, 8 сәуір 2015 жыл.

Еуропа Одағы (ЕО) Грекия премьер-министрі Алексис Ципрастың Мәскеуге сапарына қатысты пікір білдірді. "Грекия премьерінің Ресейге сапары Еуропаның одақтастық туралы ұғымын бұзбай ма?" деген сұраққа жауап берген Еурокомиссияның арнайы өкілі Маргаритис Схинас "Грекия - бұл еуропалық отбасының бір бөлігі, және біз Грекия еуропалық бірлікті сақтайды деп үміттенеміз. Біз ЕО-ны бірлік арқылы ғана күшті ете аламыз" деген.

Схинас бұған қоса, ЕО-ның мұндай ұстанымын соңғы күндері одақ өкілдері бірнеше мәрте нақтылағанын да білдірді.

ЕО өкілі "Ресей инвесторларының Грекиядағы жекешелендіру бағдарламаларына қатысуы қалай болады?" деген сұраққа "ЕО заңнамалары сақталса, ондай жоспарларды қолдауға болатынын" айтты.

Маргаритис Схинас бұдан өзге, Мәскеуде Алексис Ципрастың "Түркия ағыны" газ құбырын салу мәселесіне қатысты жүргізген келіссөзі нәтижелерінің ЕО-ның техникалық және құқықтық талаптарына сай келу жағы талқыланатынын да мәлімдеді.

Брюссель "Еурокомиссияда қазір "Түркия ағыны" жобасына қатысты жеткілікті ақпарат болмағандықтан, ол туралы пікір білдіру ерте" дейді.

XS
SM
MD
LG