Accessibility links

Назарбаев: Қазақстанның дамуына климат кедергі


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 11 наурыз 205 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 11 наурыз 205 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлемнің алдыңғы қатарлы дамушы елдер сияқты дамуына ең алдымен климат жағдайы кедергі деп мәлімдеді.

Астанада Тәуелсіздік сарайында жастар форумында сөйлеген Назарбаев Қазақстан экономикасы мен қазақстандықтардың өмір сүру жағдайына климаттың, оның ішінде территориялық қашықтық пен теңізге шығатын жолдарының болмауының ықпалы барын айтты.

"Кейбіреулер неге біз осы Батыс Еуропа немесе Біріккен Араб Әмірліктеріндегідей, Америкадағыдай өмір сүрмейміз деп сұрайды. Біздің экономикамыз бен өмірімізге үлкен ықпал ететін қарапайым ғана бірнеше фактор бар. Біз ұмтылып отырған 30 ең бай елдің климаты Қазақстанмен салыстырғанда анағұрлым қолайлы. Бұлар Батыс Еуропа елдері, Австралия, АҚШ, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері және басқалары" деген Назарбаев.

Президенттің сөзінше, бұл елдер климаты Қазақстандағыдай суық емес және барлығында теңізге шығу жолдары бар.

"Бізде энергия шығындайтын табиғат болғандықтан экономикамыз да энергия шығындайды. Барлық индустриямызды, қалаларымыз бен ауылдарымызды жылына жеті ай бойы жылытамыз" деген Назарбаев.

XS
SM
MD
LG