Accessibility links

Ислам Каримов президент антын берді


Өзбекстан президенті Ислам Каримов.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов.

Өзбекстанда қатарынан төртінші мерзімге ел президенті болып сайланған Ислам Каримов бүгін Ташкентте парламентте өткен ұлықтау рәсімінде ант берді. Ұлықтау рәсіміне Өзбекстан конституциялық сот төрағасы, үкімет мүшелері мен шетелдік дипломаттар қатысқан.

Ресми мәлімет бойынша, 77 жастағы Ислам Каримов 29 наурызда өткен сайлауда берілген дауыстың 90 пайыздан астамын жинаған. Өзбекстан конституциясы азаматтардың екі реттен артық мерзімге президент болып сайлануына рұқсат етпесе де, орталық сайлау комиссиясы Каримовтың кандидатурасын тіркегенде бұл мәселеге назар аудармаған.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бақылаушылары сайлауда Ислам Каримовке шынайы бәсекелес болмады және дауыс беруде заң бұзушылықтар мен ұйымдастырушылық тұрғыдан кемшіліктер болды деген.

Ислам Каримов Өзбекстанды 1989 жылдан бері басқарып келеді. Ол билік басында отырған кезде елдегі саяси бәсекелестерінің көпшілігі қуғынға ұшыраған.

XS
SM
MD
LG