Accessibility links

Украинада Игорь Коломойскийге қайта іс қозғалды


Украиналық олигарх Игорь Коломойский.
Украиналық олигарх Игорь Коломойский.

Украина бас прокуратурасы Днепропетровск облысының бұрынғы губернаторы, олигарх Игорь Коломойскийдің аты-жөні аталатын 2005 жылы қозғалған қастандықпен кісі өлтіруге қатысты қылмыстық істі тергеуді қайта бастады.

Украина бас прокуроры Виктор Шокиннің сөзінше, тергеушілер Коломойский прокуратураға өзі келіп жауап береді деп үміттеніп отыр.

Қылмыстық іс 2003 жылы адвокат Сергей Карпенконы өлтіру үшін жасалған қастандыққа қатысты қозғалған. Шабуылда денесіне үш жерден пышақ тиіп жараланған адвокат тірі қалған. Кейін жазылған соң ол жеке басының қауіпсіздігін ойлап Украинадан кетіп қалған. Тергеу деректері бойынша, адвокатқа шабуылды "Днепроспецсталь" зауытына қатысты дау-жанжалға байланысты ұйымдастырған болуы мүмкін деген негізбен Игорь Коломойский күдікке ілінген.

Украинадағы ең бай адамдардың бірі саналатын Игорь Коломойский наурыз айының соңына дейін Днепропетровск облысының губернаторы болып істеген. Бірақ, "Укртранснафта" компаниясы төңірегіндегі дауға байланысты отставкаға кетуге мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG