Accessibility links

АҚШ пен Кубаның үлкен дәрежелі өкілдері кездесті


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) мен Куба сыртқы істер министрі Бруно Родригес, Панама, 9 сәуір 2015 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) мен Куба сыртқы істер министрі Бруно Родригес, Панама, 9 сәуір 2015 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Куба сыртқы істер министрі Бруно Родригес Панамада келіссөздер өткізді. Екі ел арасында жарты ғасырдан астам уақыт ішінде мұндай жоғары дәрежедегі өкілдер кездесуі алғаш рет өткен.

Панамаға Америка саммитіне қатысуға барған Керри мен Родригестің кездесуі жабық есік жағдайында өткен. АҚШ делегациясындағы дереккөздің ақпараты бойынша, Керри мен Родригес көзқарастары алшақ мәселелер бойынша шешім табу мақсатында жұмыс істеуге келіскен.

Панамадағы самитке қатысатын АҚШ президенті Барак Обама Мемлекеттік департамент Кубаны терроризмді қолдайтын мемлекеттер тізімінен алып тастауға қатысты мәселені зерттеп болғаны туралы мәлімдеген.

Панамада Обама мен Куба жетекшісі Рауль Кастроның ресми келіссөздері жоспарланбаған, бірақ Ақ үйдегілер «екеуі саммит барысында ұшырасып қалуы әбден мүмкін» екенін айтады.

Панамадағы Америка саммиті бірнеше ондаған жылдар бойы бір-бірімен жауласып келген АҚШ пен Куба арасында қарым-қатынасты қайта орнатуға талпыныстар жасалып жатқан шақта өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG