Accessibility links

Польшада бес жыл бұрынғы ұшақ апатын еске алды


Бес жыл бұрын ұшақ апатында қаза тапқан отандастарын еске алуға президент сарайы маңына жиналғандар Польша туын ұстап тұр. Варшава, 10 сәуір 2015 жыл.

Бес жыл бұрын ұшақ апатында қаза тапқан отандастарын еске алуға президент сарайы маңына жиналғандар Польша туын ұстап тұр. Варшава, 10 сәуір 2015 жыл.

Польшада бүгін бұдан бес жыл бұрын сол кездегі ел президенті Лех Качиньскийдің ұшағы апатқа ұшырағанда қаза тапқандарды еске алу шаралары өтті. Қаралы датаға байланысты өткізілген шаралар қазіргі кездегі поляк қоғамы жікке бөлініп отырғанының көрсеткішіндей болды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Мемлекет астанасында орталық және жергілікті билік өкілдері – Польша президенті, премьер-министр, Варшава мэрі, сонымен бірге ұшақ апатында қаза тапқандардың кейбірінің отбасы мүшелері таңертең Повонзки әскери зиратындағы ұшақ апаты құрбандарына орнатылған ескерткішке келген. Сол жерге гүлдер қойылып, дұға оқылған.

Ал ұшақ апатында қаза тапқан президенттің сыңары Ярослав Качиньский Ресейдің Смоленск қаласының түбінде болған қайғылы оқиғаның бес жылдығын бөлек – негізінен президент сарайы жанында атап өткен. Ол жерге таңғы сағат алтыдан бастап адамдар келе бастаған. Онда да дұға оқылып, гүлдер қойылған.

Еске алу шаралары кешке дейін жалғасады. Оған қатысшуылар жергілікті уақытпен кешкі сағат тоғызда президент сарайына дейін шерумен барып, сол жерде Ярослав Качиньский сөз сөйлейді деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG