Accessibility links

Алматыда дәстүрлі сенбілік өтіп жатыр


Алматы әкімі Ахметжан Есімов (сол жақта) сенбілікте шырша отырғызып жатыр. Алматы, 11 сәуір 2015 жыл.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов (сол жақта) сенбілікте шырша отырғызып жатыр. Алматы, 11 сәуір 2015 жыл.

Жергілікті биліктің ақпараты бойынша, бүгін Алматы қаласының аумағында бес мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Сонымен бірге, бұл күні қала көшелері, аулалар, саябақтар, өзен жағалаулары мен арықтар қоқыстан тазартылып жатыр. Жиналған қоқыстарды шығару үшін 800 арнайы техника бөлінгені айтылады.

Сенбілік барысында қала көшесінде, гүлзарлар мен саябақтарда ағаш түптері әктеліп, балалардың ойын және демалыс алаңдарындағы түрлі заттар, орындықтарды сырлау жұмыстары атқарылады. Бұл шара мамыр айының басына дейін жалғасатын экологиялық айлық аясында өтіп жатыр. Алда елдегі экологиялық ұйымдар осы сияқты көгалдандыру жұмыстарын өткізуді жоспарлап отыр.

Алматыдағы сенбілікке студенттер де тартылған. Журналистер мен сенбілікке келген ресми адамдар кетісімен студенттер де тез тарқап кетті.

Дәл осындай сенбілік бүгін Астана қаласында да өтіп жатыр. Оған шамамен 93 мыңнан аса адам қатысады деп хабарланған.

Алматыдағы сенбілік туралы видео:

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG