Accessibility links

Ресей вице-министрі НАТО-ның шешіміне наразылық айтты


НАТО белгісі және Ресей туы. (Көрнекі сурет)
НАТО белгісі және Ресей туы. (Көрнекі сурет)

НАТО ұйымының Брюссельдегі штаб-пәтерінде аккредитацияланған ресейлік дипломаттар санын қысқарту туралы шешімінен «қырғи-қабақ соғыс иісі шығады» деп мәлімдеген Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Мешков.

Жұма күні НАТО баспасөз хатшысының орынбасары Кармен Ромеро НАТО-ның серіктес елдерінің өкілдіктеріне саны 30-дан аспайтын қызметкерлер ұстауға рұқсат берілетіні туралы мәлімдеген. Қазіргі кезде НАТО ұйымы жанындағы шетелдік өкілдіктерден делегациясының саны 50 адамды құрайтын тек Ресей ғана.

Қызметкер санына қатысты жаңа шектеулер қатардағы шара деп атаған Ромеро, ол Ресейге қарсы бағытталмаған және Ресей елшісі және делегацияның өзге үш мүшесі бұрынғысынша НАТО ғимараттарына қасына арнайы кісіні ертіп жүрмей-ақ өздері еркін кіре алады деп мәлімдеген.

Ресейдің Қырым түбегін аннексиялап алуына және Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистерге Кремльдің қолдау танытуына байланысты НАТО мен Ресей қарым-қатынасындағы қазіргідей салқындық «қырғи-қабақ соғыс» аяқталғалы бері болмаған.

XS
SM
MD
LG