Accessibility links

Газға қатысты Ресей-Украина келіссөзі кейінге қалды


Газ құбырындағы өлшегіш аспап. (Көрнекі сурет)
Газ құбырындағы өлшегіш аспап. (Көрнекі сурет)

Еуропа Одағының араағайындық етуімен Украина мен Ресей арасында ұзақ мерзімге арналған газ сату жөнінде келіссөздердің өтетін күні кейінге шегерілген. Бастапқы жоспар бойынша, тараптар сәуірдің 14-і күні Берлинде кездеспекші болған. Бірақ, жұма күні Еуропалық комиссия бұл кездесудің кейінге қалғаны туралы хабарлады.

Бұған дейін Еуропа Одағының араағайындығымен Украина мен Ресей арасында қол қойылған келісім бойынша, Украина мен Еуропа Одағы қыс мезгілінде Ресей газымен қамтамасыз етілген.

Еуропа Одағының мәлімдемесінде сәуірдің 17-іне дейін үшжақты кездесу өтеді деп жоспарланып отырғаны айтылған.

Ресейден Еуропаға экспортталатын газ көлемінің 40 пайызға жуығы Украина аумағы арқылы өтеді.

XS
SM
MD
LG