Accessibility links

Қырымда ATR телеарнасы бұрынғы операторының үйін тінткен


Қырым татарлары тілінде хабар тарататын ATR телеарнасының бұрынғы операторы Амет Умеров.

Қырым татарлары тілінде хабар тарататын ATR телеарнасының бұрынғы операторы Амет Умеров.

Симферополь қаласында экстремизмге қарсы күрес жөніндегі орталық қызметкерлері бүгін видеооператор Амет Умеровтың үйіне тінту жүргізген. Бұл туралы «Крым-Реалии» веб-сайтына Умеровтың достары мен әріптестері хабарлаған. Олардың айтуынша, тінту жұмыстары ұзаққа созылмаған. «Э» орталығының қызметкерлері компьютерде не сақталғанын зерттеп, видеотехниканы тексерген, бірақ ешқандай затты алып кетпеген.

Видеооператордың достарының айтуынша, бұл тексеруге Умеровтың әлеуметтік желілердің біріндегі саяси тақырыпта Ресей билігінің Қырымдағы іс-әрекетін сынаған сөздері негіз болған.

Бірнеше жыл бұрын Амет Умеров ATR телеарнасында оператор болып жұмыс істеген. Қазір ол үйлену тойларын түсірумен айналысады.

XS
SM
MD
LG