Accessibility links

Бундтестаг вице-спикері Алматыда джаз фестивалін тамашалады


Бундестаг вице-спикері Йоханнес Зингхаммер (оң жақта) Мюнхендік «Пассакалия» джаз тобының жетекшісі Хуго Зимгетпен (сол жақта) әңгімелесіп тұр. Алматы, 12 сәуір 2015 жыл.

Бундестаг вице-спикері Йоханнес Зингхаммер (оң жақта) Мюнхендік «Пассакалия» джаз тобының жетекшісі Хуго Зимгетпен (сол жақта) әңгімелесіп тұр. Алматы, 12 сәуір 2015 жыл.

Германия бундтестагының вице-спикері Йоханнес Зингхаммер Орталық Азия елдеріне сапары барысында бүгін Алматыда өтіп жатқан халықаралық джаз фестивалін тамашалады. Фестивальдің екінші күні немістің «Пассакалия» тобы өнер көрсетті. Топ жетекшісі Хуго Зимгет музыкалық шығармаларды орындау арасындағы сәл үзілісті пайдаланып сахнадан өздерінің өнерін көруге келгені үшін Йоханнес Зингхаммерге алғыс білдірді.

Алматыдағы Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда өтіп жатқан фестиваль кезіндегі антрактіде Германия парламентінің мүшесі музыканттармен әңгімелесті.

Орталық Азияға сапарын Астанадан бастаған Йоханнес Зингхаммер Қазақстан парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаевамен, Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен, Қазақстандағы неміс қауымдастығы өкілдерімен кездескен.

Германия бас консулдығы қызметкерінің айтуынша, Алматыда өтіп жатқан халықаралық джаз фестивалі Йоханнес Зингхаммердің сапар бағдарламасына енген.

«Пассакалия» тобының Алматыдағы фестивальға қатысуына Қазақстандағы Германия елшілігі мен Алматыдағы Гете институты жәрдем танытқан. Бұл топ былтыр да осы фестивальға қатысқан. Барокко мен джазды үйлестіріп орындайтын топ құрамындағы төрт адамның бірі – украин. Олар Алматыдағы фестивальда Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап, көрермен қошеметіне бөленді.

XS
SM
MD
LG