Accessibility links

НАТО Шотландияда ірі әскери жаттығулар бастады


НАТО әскери кемелері жаттығу кезінде. (Көрнекі сурет)
НАТО әскери кемелері жаттығу кезінде. (Көрнекі сурет)

Ұлыбритания әскери күштері сенбі күні Joint Warrior деп аталатын дәстүрлі жаттығуларды басталы. Екі аптаға жалғасатын әскери жаттығуларға НАТО-ға мүше 15 елден 55 кеме, 70 ұшақ пен тікұшақ, 13 мың сарбаз қатысады деп хабарланған.

Британ баспасөз құралдарының ақпараты бойынша, бұл жолғы жаттығулар екі жылда бір рет өткізілетін дәстүрлі Joint Warrior әскери жаттығуларының ең ірісі болмақ.

Әскери жаттығулар Шотландия жағалауы мен теңізде өткізіледі. Солардың арасында сүңгуір қайықтарға қарсы күрес тактикасына қатысты жаттығулар да өткізілмек.

НАТО басшылығы бұл жаттығулар Ресей тарапынан төнетін қауіп-қатерге алаңдайтын ұйым мүшелерінің көңілін орнықтыруды көздейтінін жасырып отырған жоқ деп жазады британдық Daily Telegraph басылымы.

XS
SM
MD
LG