Accessibility links

Time оқырмандары Путинді «жыл адамы» деп атады


Time журналыны мұқабасында басылған «2007 жылдың адамы» деп танылған Ресей президенті Владимир Путиннің бейнесі.

Time журналыны мұқабасында басылған «2007 жылдың адамы» деп танылған Ресей президенті Владимир Путиннің бейнесі.

АҚШ-та шығатын Time апталық журналы оқырмандары Ресей президенті Владимир Путинді «2014 жылдың тұлғасы» деп атады. Ресей президенті осы атаққа лайық деп оқырмандардың 6,9% дауыс берген.

Басылым рейтингісінде екінші орында 6,6% дауыс жинаған Оңтүстік Корея әншісі CL, ал үшінші орында оқырмандардың 2,6% қолдау білдірген америкалық әнші Леди Гага тұр.

Сондай-ақ, алғашқы ондықта барбадостық әнші Рианна, АҚШ әншісі Тейлор Свифт, британ киноактрисасы әрі фотомоделі Эмма Уотсон, буддистер көсемі Далай-лама, пәкістандық құқыққорғаушы қыз Малала Юсуфзай, америкалық әнші Жизе́ль Ноулз-Картер, Рим папасы Франциск бар.

Time оқырмандары анықтайтын тізімде АҚШ президенті Барак Обама 11-ші, ал оның әйелі Мишель Обама 12-ші орында. Қытай басшысы Си Цзиньпин 22-ші, Германия канцлері Ангела Меркель 25-ші болып тұр.

Дауыс беру Time сайты мен оның әлеуметтік желідегі парақтарында жүргізілген.

Редакциясы Нью-Йоркте орналасқан, 1923 жылдан бері шығып келе жатқан Time журналы бұған дейін, 2007 жылы Ресей президенті Владимир Путинді «Жыл адамы» атағына лайық деп таныған.

XS
SM
MD
LG