Accessibility links

Ресей әуе-ғарыш күштері биыл сегіз жаттығу өткізбекші


Ресейдің Ашулуктағы әскери полигонында өткен жаттығуда С-300ПС зениттік зымыран жүйесінен Бурятия жеріндегі нысананы көздеп атты. Астрахан облысы, 31 шілде 2014 жыл.

Ресейдің Ашулуктағы әскери полигонында өткен жаттығуда С-300ПС зениттік зымыран жүйесінен Бурятия жеріндегі нысананы көздеп атты. Астрахан облысы, 31 шілде 2014 жыл.

Ресей әуе-ғарыш қорғаныс күштері биыл елдің оңтүстігінде зениттік зымыран қару жүйесінен нысананы дәлдеп атып сегіз әскери жаттығу өткізбек. Бұл жаттығулар Астрахань облысындағы Ашулук полигонында өткізіледі деп хабарлады ресейлік «Новости» ақпарат агенттігі Ресей қорғаныс министрлігінің өкілі Алексей Золотухинге сілтеме жасап.

Бұлардың ішіндегі негізгісі ТМД-ның біріккен әуе-қорғаныс жүйесіне қатысушы елдердің бірлескен жаттығуы деп хабарланды. «Әскери достастық-2015» деп аталатын ол жаттығуды қыркүйек айында өткізу жоспарланған.

Бұған дейін Золотухин 2015 жылы Ресей әуе-ғарыш қорғаныс күштеріне алыс қашықтыққа атуға арналған тағы бір С-400 «Триумф» зениттік зымыран жүйесі кешені, сонымен бірге жаңа радиолокациялық станциялар мен радиотехникалық құралдар беріледі деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG