Accessibility links

ЕҚЫҰ өкілдері: Широкино қасында атыс болған


ЕҚЫҰ бақылаушылары Спарта елдімекенінде. Донецк облысы, 10 сәуір 2015 жыл.

ЕҚЫҰ бақылаушылары Спарта елдімекенінде. Донецк облысы, 10 сәуір 2015 жыл.

Донецк облысындағы Пески елдімекені маңында бүгін бірнеше сағаттан бері шайқас жүріп жатыр деп хабарлады УНН «Черный комитет» қоғамдық ұйымының белсендіві Богдан Тицкийге сілтеме жасап. Оның айтуынша, украиналық сарбаздар сепаратистердің бір танкісін атып қиратқан.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бақылаушыларының дерегі бойынша, сенбі күні кешке Широкино елдімекені жанында шайқас болып, атыс үш сағатқа жалғасқан. Бақылаушылар есебінде сепаратистер Широкинодағы бейбіт тұрғындар арасында құрбан болғандар бар деп мәлімдегенімен, ЕҚЫҰ арнайы мониторингтік миссиясы өкілдерін ол елдімекенге кіргізуден бас тартқан.

Украинаның шығысындағы арнайы операциялар баспасөз қызметінің хабарлауынша, сенбі күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат алтының шамасынан түн ортасына дейін оқ атпау режимін сепаратистер он сегіз рет бұзған. Әуеде пилотсыз барлау аппараты ұшып жүргені 12 рет байқалған. Сонымен бірге, Украинаның әуе шекарасын Ресей қарулы күштерінікі болуы ықтимал Ми-8 тікұшағы бұзғаны хабарланды.

Өзін өзі жариялап алған «Донецк халық республикасы» өкілдері болса олардың территориясын украиналық әскерилер 49 рет қарудан атқылағаны туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG