Accessibility links

Германия солшыл партиясы басшысы Ресейді оқшаулауға қарсы


Германия парламентінің мүшесі Грегор Гизи
Германия парламентінің мүшесі Грегор Гизи

Германия солшыл партиясының бундестагтағы фракциясының жетекшісі Грегор Гизи маусым айында осы елде өтетін «үлкен жетілік» елдері саммитіне Ресей президенті Владимир Путинді шақыру туралы канцлер Ангела Меркельге ұсыныс айтты.

«Дағдарыстарды Ресейсіз шешу мүмкін емес болғандықтан, «жетілікті» қайтадан «сегіздікке» айналдырған жөн. Ресейді оқшаулап ұстау зияннан басқа ешқандай пайда әкелмейді» деп мәлімдеген Гизи DPA агенттігіне сұхбатында.

Ол Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер барысында және Сирияның химиялық қаруын жоюда Путиннің «дұрыс роль атқарғанын» айтқан.

Грегор Гизи сонымен бірге Украинадағы жанжалды реттеуге СССР-дың бұрынғы президенті Михаил Горбачевті араағайындыққа тартуды ұсынған. «Горбачевсіз бүкіл Шығыс Еуропада демократиялық өзгерістер болмас еді» деген Гизи.

Ресей Қырымды аннексиялауына байланысты 2014 жылы дамыған елдердің халықаралық клубынан шығып қалған.

XS
SM
MD
LG