Accessibility links

Хакасияда өрт салдарынан екі адам қаза болған


Хакасиядағы Лукьяновка ауылы маңында жайылып жүрген сиырлар. (Көрнекі сурет)
Хакасиядағы Лукьяновка ауылы маңында жайылып жүрген сиырлар. (Көрнекі сурет)

Ресей құрамындағы Хакасия республикасында болған өрт салдарынан, алдын ала деректер бойынша, екі адам қаза тауып, 73 адам зардап шеккен. Бұл туралы Хакасия үкіметіне сілтеме жасап ТАСС агенттігі хабарлады.

Жүзден аса құрылыс ғимараты мен тұрғын үйді өрт шалған. Төтенше жағдай тәртібі енгізілген аймақтағы өртті сөндіруге жәрдемдесу үшін Мәскеуден екі Ил-76 ұшағы жөнелтілген. Өрт сөндіру жұмыстарына 700-ден аса әскери қызметкерлер мен 40-тан аса әскери және арнайы техникалар жұмылдырылған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ауылшаруашылық мақсатындағы жердегі өрттің өрттің тез таралуына қатты жел себеп болған. Ол аймақтағы желдің күші кейде секундына 30 метрге дейін жеткен деп хабарлайды ресейлік Новости ақпарат агенттігі.

XS
SM
MD
LG