Accessibility links

Таразда 13 қырғыз азаматына сот басталмақ


Тараз қаласына кіре берістегі белгі.
Тараз қаласына кіре берістегі белгі.

Қазақстан шекарасынан заңсыз өткен, контрабанда мен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деген айыппен Тараз қаласының тергеу абақтысында Қырғызстанның 13 азаматының қамауда отырғанына бір жылдан асты деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Қамаудағылардың туыстарының айтуынша, киім-кешек тиелген 14 «Камаз» жүк көлігі 2014 жылы сәуірдің 9-ы күні Қазақстан аумағында ұсталған. 14-ші көліктің жүргізушісі қашып кеткен, ол жайында ештеңе белгісіз. Қалған 13 адам содан бері абақтыда отыр.

– Олар бар болғаны жүргізушілер ғана, көліктер өздерінікі емес. Саудагерлер ешқашан жүргізушімен сөйлеспейді, олар жүргізушіге ақша төлейтін «Камаз» көлігінің иесімен ғана сөйлесіп-келіседі. Олар жүкті Чалдоварға дейін жеткізуді сұраған. Чалдоварда "барлығымен келісілді, жүкті шекарадан өткізіп беріңдер" деген. Оған келісіп, жүкті шекарадан алып өткен кезде көлік жүргізшілерін контрабандаға күдікті ретінде ұстаған, - дейді тұтқындардың бірінің туысы.

Қырғызстандық жүргізушілердің бірінің әйелі Тілек Телтаева қамаудағылардың туған-туыстары билік орындарынан, соның ішінде Қазақстандағы Қырғызстан елшілігінен көмек сұрағандарын, бірақ ешқандай жәрдем болмағанын айтады.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі бұл мәселемен Қазақстандағы Қырғызстанның бас консулы айналысып жатыр деп хабарлаған. Қырғыз жүргізушілерінің ісі бойынша сот сәуірдің 16-сына белгіленген.

XS
SM
MD
LG